English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттер Хиуа кілем фабрикасына барды
17:38 / 2022-06-03

Президент Шавкат Мирзияев пен Президент Эмомали Рахмон Хиуа кілем фабрикасын аралады.

Жалпы құны шамамен 22 млн долларды құрайтын кәсіпорынды Самарқандтағы «Sam-Antep-Gilam» компаниясы 2020 жылы құрды. Жобаның екінші кезеңі өткен жылы іске қосылды. Зауытқа Германия, Бельгия, Австрия, Швейцария, Италия, Франция, Түркия елдерінің жабдықтары орнатылған болып, мұнда 420 жұмыс орны ашылды.

Бұл жерде кілем, полипропилен жіп және басқа да өнімдер шығарылады. Олар АҚШ, Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдеріне экспортталуда.

Биыл үшінші кезең – акрил талшықтарынан жіп шығару жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде өндіріс қуаттылығы жылына 2,2 млн шаршы метрге жетті. Өнімнің 45 пайызы шетелге сатылып, жылдық экспорт көлемі 7 миллион доллардан асады деп күтілуде.

Президенттер зауыт пен көрме залындағы өндіріс барысымен танысты.

Осында Өзбекстанның өнеркәсіп өнімдері ұсынылды. Байланысты сала басшыларына тәжірибе алмасып, сауданы дамыту тапсырылды.