Өзбекстан Республикасын Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен сот құжаттарын орындау жүйесін жетілдіру шаралары туралы бейнеконференциялы жиын өтті.
Сот шешімі заңның үстемдігін қамтамасыз ету және зиянды өтеудің құқықтық негізі болып табылады. Осы жылдың 10 айында Бас прокуратура жанындағы Атқарушылық істер жөніндегі басқармаға 4 миллионға жуық атқарушылық құжат келіп түсіп, оның 1,2 миллионы орындалмаған. Басқаша айтқанда, бүгінгі күні 17 триллион сомдық құжаттарды орындау қамтамасыз етілмеген. Оның 7,2 трлн сомасы мемлекетке, қалған 9,7 трлн сомасы жеке және заңды тұлғаларға тиесілі. Бұл қаражатты қалпына келтіру кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын жақсартуда, аз қамтылған азаматтарды қолдауда, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды фактор болады.
Бүгінгі жиында сот құжаттарының орындалу жағдайы аудан мен қалалар мысалында қаралып, қарыздарды азайту бойынша Республикалық деңгейде бөлек, облыстық және аудандық деңгейде бөлек жүйеде жұмыс істеу жоспарланды.
Отырыста борышкердің мүлкінің болмауына байланысты тоқтатылған атқарушылық құжаттармен жұмыс жасау мәселесі талқыланды. Борышкерлерге арналған бірыңғай электронды платформа құру және оларды нотариустар, банктер, салық, мемлекеттік қызметтер, кеден, кадастр, ішкі істер және басқа органдардың мәліметтер базасына енгізу қажет екендігі айтылды.
Талдау нәтижелері бойынша қазіргі күнде елдегі азаматтардың шағымдарының 64% -ке жуығы алимент туралы. Осыған байланысты орындау және төлем үшін бірыңғай шоттың болмауы көптеген түсініспеушіліктерге себеп болуда. Сондықтан алимент алушылар мен төлеушілердің толық тізімін қалыптастыра отырып, басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу міндеті қойылды.
Сот құжаттарын орындау тиімділігін арттыру мақсатында Бас Прокурордың басшылығымен Республикалық кеңес және облыс әкімдерінің басшылығымен аймақтық кеңестер құрылып, оларға облыстық прокурорлардың орынбасарлары ретінде бекітілетін болды.




