Президенттің төрағалығымен Республика Руханият және ағартушылық кеңесінің отырысы басталды
– Елімізде бұл кеңестің төрағасы Президент саналады. Өңірлерде бұл мәселеге жауапты болып бірінші басшылар белгіленген. Өйткені ғылым, білім мен тәрбие, руханият – біз үшін бірінші кезектегі мәселе, – деді Мемлекет басшысы.
Президент жиналғандардың назарын биылғы жылы әлеуметтік салаға ең көп қаражат – 134 триллион сум, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге өскеніне аударды.
– Жаңадан редакцияланған Конституцияда айқындалған «Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» деген қағиданың күнделікті өміріміздегі дәлелін осы мысалдың өзінде-ақ айқын көруге болады. Бұл жұмыстар алғашқы қадамдар және болашақта одан әрі кеңейе түседі, деді Шавкат Мирзиёев.