Президенттің төрағалығымен Ферғанада аймақтық белсенділер отырысы басталды
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ферғана облысына жасаған сапары аясында Фергана облыстық халық депутаттары кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысуда.
Сессия аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған болып, онда Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарып жүрген Шухрат Ғаниевтың Ферғана облысындағы жұмысы мен жеке қасиеттеріне тоқталып:
- Ғаниевтің бойында ұлы қасиет бар, ол адал, таза адам, уайымшыл жан. Басшылардың көпшілігі марқайып жүруге тырысады, бірақ ол өзін жүз пайыз жұмысқа арнаған кісі. Ол Ферғана халқы үшін қиын-қыстау кездерде өзінің қаталдығы, білімімен үлкен жұмыс жасады. Шухрат Ғаниевтің Ферғанадағы білімі мен тәжірибесін ескере отырып, біз оған ең қиын салалардың бірі - ауылшаруашылығын сеніп тапсырдық, - деді Шавкат Мирзияев.
Сессия жалғасуда.