Президенттің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі басталды
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі басталды.
– Кәсіпкерлікті қолдау – бұл біздің стратегиялық бағытымыз! Кәсіпкерлік неғұрлым жылдам дамыса, еліміз соғұрлым қуатты болады, халқымыздың өмір сүру деңгейі жоғарылайды. Желтоқсан айындағы «ашық диалогта» біз негізінен ірі кәсіпкерлермен сөйлесіп, алдағы жоспарларымызды анықтадық.
Бүгін шағын және орта бизнес саласында қарқынды дамып келе жатқан кәсіпкерлерге қалай көмек көрсетіп, оларды «чемпион» деңгейіне көтеру үшін не істеу қажет, деген сұрақтарға сіздермен бірлесе отырып жауап табуымыз керек, – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінің басында.