French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенттің Арнайы өкілі Франция делегациясымен кездесті
16:31 / 2023-06-08

2023 жыл 6 маусым күні Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашев Франция Республикасының Қарулы Күштері министрінің Еуропа, Солтүстік Америка және көпжақты әрекеттер департаментінің басшысы Гийом Олланье бастаған делегациямен кездесті.

СІМ мәліметінше, кездесу барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай, сондай-ақ Ауғанстан дағдарысын шешу жолдарын іздестіру жайы сөз болды.

«Г.Олланье Өзбекстанның Ауғанстанға қатысты жан-жақты ұстанымын қалыптастырудағы, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету көлемін арттырудағы рөлін, сондай-ақ осы елде ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы күш-жігерін жоғары бағалады», делінген хабарламада.