Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі АҚШ делегациясымен кездесті
2023 жыл 21 шілде күні Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашев АҚШ-тың Бейбітшілік институты жоба аға үйлестірушісі Бармак Паджвак және жетекші серіктес Мэттью Паркспен кездесті.
СІМ мәліметінше, Б.Паджвак Өзбекстанның Ауғанстандағы аймақтық ұстанымын нығайту, елде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнату, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Сондай-ақ Өзбекстан басшылығының БҰҰ жанынан халықаралық келіссөздер тобын құру туралы бастамасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды, делінген хабарламада.