Президентінің арнайы өкілі мен Ұлыбритания елшісі Ауғанстандағы жағдайды талқылады
Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Эргашев кеше Ұлыбритания елшісі Тимоти Торлотпен кездесті.
СІМ дерегінше, сұхбат барысында аймақтық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы қазіргі жағдай, сондай-ақ осы елдегі ахуалды реттеу бойынша ықтимал бірлескен күш-жігер талқыланды.
«Дипломат Өзбекстанның Ауғанстанға қатысты біртұтас өңірлік ұстанымын дамыту, елде ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнату, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Өзбекстан басшылығының БҰҰ жанынан халықаралық келіссөздер тобын құру туралы бастамасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылғаны айтылған ведомство ақпаратында.