Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 30 сәуірде өңірлерде жергілікті өнеркәсіпті дамыту шараларын талқылауға арналған бейне конференциялы кеңес өтті.
Құрылыс материалдары мен азық-түлік өнімі халық ең көп тұтынатындар қатарында болып, оларды өндіру де арзан әрі тиімді. Бірақ соңғы 3 жыл көлемінде құрылыс материалдарының өндірісі 1,5 есеге өскен болса да, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге қауқарсыз болып тұр. Десе де, өткен жылы 1 млрд долларлық өнім экспортқа шыққан.
Республикада көптеген үйлер, фабрикалар мен кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар салынуда. Бұл да құрылыс материалдарына, онымен байланысты жергілікті өнеркәсіп өнімдеріне сұранысты арттырады. Соның негізінде жергілікті өнеркәсіпті дамыту, өндіріс көлемін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиында Мемлекет басшысы өз сөзінде: - Көріп отырсыздар, әлемдегі экономикалық жағдай қиын боп тұр. Бұл ешкімге оңай соғып тұрған жоқ. Сондықтан, біз бар мүмкіндікті пайдаланып, маңдай терімен тапқан ақшамызды халқымызға адал жеткізіп, нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Жергілікті өнеркәсіптің дамуы әкімдердің құзырындағы мәселе. Егер сіз ақылмен мұқият жұмыс жасасаңыз, онда бұл көптеген жұмыс орындарына, кәсіпкерлердің қызығушылығына, халықтың келісіміне негізделген, - деді Шавкат Мирзияев.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне жергілікті өнеркәсіптің әр саласында, атап айтқанда, құрылыс материалдары, тоқыма бұйымдары, жібек, фармацевтика, электротехника, былғары және аяқ киім, зергерлік бұйымдар, шыны бұйымдар, жиһаз, тамақ өнеркәсібі бойынша жеке бағдарламалар жасау міндеті қойылды.
Мемлекет басшысы Қарақалпақстан Республикасы мен облыстардағы 24 ауданды құрылыс материалдарын шығаруға мамандандыру туралы ұсынысты қолдады. Қолда бар шикізатты және осы аудандардағы ірі зауыттардың инфрақұрылымын қолдана отырып, оларға жақын маңда жаңа кәсіпорындар құру тапсырылды. Осы 24 аудандағы инфрақұрылымды жақсартуға бюджеттен қосымша 400 млрд сум, геологиялық жұмыстарға 100 млрд сум бөлінетін болды.

Сол негізде құрылыс материалдары өндірісінде құны 5 млрд доллар болатын мыңнан астам жаңа жоба қалыптастырылды. Оосы арқыл 25 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.
Сондай-ақ, құрылыс және безендіру өнімдерінің жаңа түрлерін шығаратын жобаларға 15 млрд сумға дейін кепілдік берілетіні айтылды. Мұндай кәсіпорындарға ұлттық валютадағы несиелер бойынша Орталық банктің мөлшерлемесінің 10% -на дейін және шетелдік несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 50% -на дейін өтеледі.
Бұдан бөлек, ауылдық жерлердегі өнеркәсіптік аймақмен шахта және карьерлер үшін жер салығы 10 есеге азайтылып, 500 кен орны аукционда сатылады, олардың негізінде өндірістік кәсіпорындар құрылатын болды.
Мәселен, соңғы 2 жылда ел аумағында 6 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй салынып, оған пайдаланылған материалдардың 30 пайызы шеттен әкелінген. Биыл құрылысы жоспарланған 100 мың үйдің әрқайсысына кем дегенде 20-30 млн сумдық электр техникасы, жиһаз, ас үй ыдыстары және басқа да тұрмыстық заттар қажет болады.
Осыған қажеттілікті үйреніп, нарықтық сұранысты талдау негізінде шенеуніктерге экономикалық тұрғыдан тиімді тауарларды жергіліктендіру, мұндай жобаларды аймақтардағы индустриалды аймақтарға ұтымды орналастыру тапсырмасы берілді.
Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап құрылыс материалдарының жаңа түрлерін шығаратын кәсіпорындарға халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты шығындардың 50% өтеледі. Сондай-ақ, міндетті сертификаттауға жататын құрылыс өнімдерінің тізбесі 3 есеге қысқаратын болады.




