Президент жастарды жұмыспен қамту жөнінде кеңес өткізді
Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 13 сәуірде жастарды жұмыспен қамту және олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша видеоселекторлы жиын өтуде.
Жиында Мемлекет басшысы Сұрхандария, Әндіжан, Сырдария және Жыззақ облыстарының әкімдері жастар мәселелері бойынша нақты нәтижелер мен бастамалар көрсетпейтіндігін айтып өтіп, 10 күн ішінде облыс әкімдеріне жастарды кәсіпкерлікке тарту және аудандар мен қалаларда жұмыспен қамту кестелерін бекіту және жаңа бастамаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, осы жылдың 1 маусымына дейін 77 жастардың индустриалды-кәсіпкерлік аймақтарын іске қосу қажеттілігі айтылды.
Жиындағы айтылған мәлімет бойынша қазіргі күнде ел аумағында 648 мың жұмыссыз «Жастар кітабына» енгізілгені, ал бірінші тоқсанда 283 мың жастың жұмыспен қамтылғаны айтылды.