Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент жарлығымен 615 азаматқа рақымшылық жасалды
18:33 / 2025-12-07

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Конституция қабылданғанына 33 жыл толуына орай елде жүргізіліп келе жатқан адамгершілік және ізгілендіру саясатының айқын көрінісі ретінде «Жазасын өтеп жатқан, жасаған әрекетіне шынайы өкініп, түзелу жолына нық қадам жасаған бірқатар азаматтарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 109-бабы 23-тармағына негізделе отырып, қателігін мойындап, жаңа өмір бастауға ұмтылған 615 азаматқа рақымшылық жасалды.

Олардың ішінде 220 адам негізгі жазадан толық босатылса, 123-і мерзімінен бұрын шартты түрде еркіндікке шығарылды. Тағы 97 тұлғаның бас бостандығынан айыру жазасы жеңіл жаза түріне алмастырылды. Сонымен қатар 175 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Кешірімге іліккендердің қатарында 9 шетел азаматы, 29 әйел, 60 жастан асқан 23 ер адам, 264 жас (соның ішінде 2 кәмелетке толмаған) және бұрын тыйым салынған ұйымдар құрамында болған 9 азамат бар.

Жарлықтың орындалуына байланысты жауапты министрліктер мен ведомстволарға маңызды міндеттер жүктелді. Ендігі мақсат – кешірімге іліккен азаматтарды отбасына аман-есен қауыштыру, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, пайдалы еңбекпен қамтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасау.