Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылады
Кеңестің жалпы отырыстары жылына бір рет, ал аралық отырыстар жылына кемінде екі рет өткізілетін болады.
Мемлекеттегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мен экономиканың басым секторларына және басқа да маңызды салаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуды кеңейту, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып, сапалы инвестициялық процестерді ұйымдастыру мақсатында, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесін құру жөнінде Президенттің Жарлығы қабылданды.
Кеңестің мақсаты, озық халықаралық тәжірибе мен практикаға сүйене отырып, елдің инвестициялық, индустриялық-технологиялық және инновациялық дамуының маңызды бағыттары бойынша Өзбекстан Республикасының Үкіметіне кеңес беру болып, мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің шетелдік компаниялар, банктермен инвестициялық және басқа құрылымдармен, халықаралық қаржы институттарымен және шет мемлекеттердің қаржы ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар инвестицияны тарту және шетелдік инвесторлардың қызметіне кедергі келтіретін негізгі факторларды анықтау және талдау, оларға кәсіпкерікпен айналысатын инвестициялық ортамен қамтамасыз етуден тұрады.
Кеңестің жалпы отырыстары жылына бір рет, ал аралық отырыстар жылына кемінде екі рет өткізілетін болады.