French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент өзбектандық құрылысшыларды мерекемен құттықтады
21:27 / 2020-08-08

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бүгінгі құрылысшы маман иелерін кәсіби мерекесімен құттықтады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бүгінгі құрылысшы маман иелерін кісәби мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар!

Ең әуелі, еліміздің құрылыс саласында аянбай еңбек етіп жүрген баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын және барлығыңызға ізгі тілектерімді білдіремін.

Құрылысшылар күні мерекесі елімізде кең көлемде атап өтіп тұрғанымыз - халқымыз бен мемлекетіміздің сіздерге деген шынайы құрметінің айғағы.

Биыл елдегі құрылыс саласы үшін әр тараптама сынақты және жауапты кезең болғанына бәріміз куә болдық.
Алғашында Бұхара аймағында, одан кейін Сардоба су қоймасында болған табиғи апаттың салдарын еңсеруде әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру және жөндеу, мыңдаған отбасылар үшін заманауи тұрғын үй салу жұмыстарында азаматтарымыз нағыз батылдық көрсетті.

Қазіргі кезде үлкен құрылыс алаңына айналған Өзбекстанда құрылысшылардың өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі, ынтасы мен ықыласының арқасында көптеген басқа да әлеуметтік нысандарда құрылыс жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары елімізде құрылыс индустриясын түбегейлі жетілдіру мақсатында оның заңнамалық базасын нығайтуға үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан құрылыста дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келетін жаңа инновациялық технологиялар мен шешімдерді қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.

Осы салада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді енгізу, «Ашық құрылыс» ақпараттық жүйесін іске қосу саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Құрылыс компанияларының қызметін және құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, құрылыс мердігерлерінің жұмысын бағалау рейтингі енгізілді. Құрылыс саласына қатысты барлық негізгі ақпараттардың бірыңғай электронды базасын қалыптастыруы да, сапа деңгейінің жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, құрылыс индустриясын, құрылыс материалдары саласын одан әрі дамыту, қала құрылысын жетілдіру, заманауи жоғары стандарттар негізінде абаттандыру және көгалдандыру, қосымша жұмыс орындарын құру, жұмысшылардың ауыр және абыройлы еңбектерін лайықты көтермелеу мәселелері әрқашан елдің назарында болады.

Қадірлі де, құрметті құрылысшылар!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы бір мәрте құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен жеке өміріңізде сәттілік тілеймін.

Отбасыңызда әрқашан бейбітшілік пен береке болсын!

Ешқашан қолыңыз дерт көрмей, әрдайым сау-сәлемет болыңыз!


Шавкат МИРЗИЯЕВ,

Өзбекстан Республикасының Президенті