English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
16:05 / 2022-08-31

Президент Шавкат Мирзияев «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл кешен 2021 жылы Тәуелсіздігіктің 30 жылдығына арналып салынған. Онда Өзбекстанның көне тарихынан бүгінгі күнге дейінгі аса маңызды оқиғалар, ұлы ғұламалар мен қайраткер аталарымыздың көрінісі бейнеленген. Ескерткіштің жоғарғы жағында Хумо құсы бейнеленген.

«Тәуелсіздік монументі – Отанымыздың, біздің ержүрек те батыр, бейбітсүйгіш және еңбекшіл, қаһарман халқымыздың құрметіне салынған ұлы ескерткіш», - деген еді Шавкат Мирзияев.

Салтанатты шараға Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен Сенаты, Президент Әкімшілігі, Министрлер Кабинеті, Ташкент қаласы жұртшылығының өкілдері де қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.