Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президенті тәуелсіздік мерекесіне орай түрлі салалардың өкілдерін марапаттады
17:00 / 2024-08-30

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлықтарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігінің отыз үш жылдығына орай түрлі салалардың өкілдері құрметті атақ, ордендер және медальдармен марапатталған еді.

30 тамыз күні «Куксарай» резиденциясында осы марапаттарды табыстау рәсімі өтті.

Шавкат Мирзиёев баршаны Тәуелсіздік мерекесі және елдің жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, елімізде қол жеткізілген нәтижелердің негізі мен мәні туралы шынайы сөздерін айтты.

– Біз не үшін еңбектеніп жатырмыз? Халқымыз бейбіт және бақуатты өмір сүруі, балаларымыздың бақыты мен жетістіктері үшін. Біз адам қадірін арттыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мақсатты жергілікті орындарда кім жүзеге асырады? Сіздер сияқты адал, отансүйгіш, мықты адамдар! Сіздер батырсыздар, жастарымызға үлгісіздер. Мен сіздермен мақтанамын және халқымыздың атынан алғыс айтамын, – деді Президент.

Бұл күш-жігер өз нәтижесін беріп жатыр. Қалалар мен ауылдардың келбеті, барлық салалар мен секторлар түбегейлі өзгеруде. Экономика, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Олардың нәтижесін адамдар өз өмірлерінде көріп отыр.

Еліміздің үлкен даму жолына шыққанын әлем де мойындап отыр. Өзбекстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше қарарлары қабылданды. Ірі саяси және экономикалық форумдарда алға қойылған көптеген бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан үлкен қолдау тапты.

Алыс және жақын мемлекеттермен сауда-экономикалық, туризм және инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салаларда пайдалы келісімдер жасалды. Республикада халықаралық деңгейдегі беделді конференциялар өтті. Өнер және мәдениет фестивальдері, Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңістер де үлкен қолдауға ие болды.

Бір сөзбен айтқанда, жігерлі, көңілі дарқан ұлт ретінде әлемдік аренаға шықтық.

Мемлекет басшысы бұның барлығы халқымыздың жетістігі екенін атап өтті.

– Еңбекқор, адал отандастарымызды мен өзімнің ең жақын туыстарым, адал серіктерім деп білемін, – деді Шавкат Мирзиёев. – Бүгін Отанымызға жанашыр, өзін елдің болашағына жауапты санайтын адамдар өте қажет. Басқаларды, әсіресе, жастарды артынан ертіп, болашаққа сендіріп, қоғамды біріктіретін адамдар керек. Өйткені, халықтың сенімі, бірлігі мен ынтымағы біздің мақсаттарымызға жетуде шешуші рөл атқарады.

Кездесуде бүгінгі әлемдегі жағдай, осы жағдайда ақылмен әрекет ету қажеттілігі туралы да сөз болды. Жылдам өзгеріп жатқан заман мемлекеттер, халықтар, адамдар алдында жаңа мәселелерді қойып отыр. Бүкіл әлемде бәсекелестік, болашақ үшін күрес жүріп жатыр. Мұндай күреске дайын ұлт қана өз Отанын лайықты орынға көтере алады.

Болашақта жаһандық әлемде Өзбекстанның орны қандай болмақ? Біз өз еңбегіміз, біліміміз, дүниетанымымызбен елге қаншалықты пайда береміз? Бұл сұрақтар әрқайсымызды ойландыруы керек.

Тәуелсіздік бізге нағыз қадір-қасиет, адамгершілік мақтаныш сезімін берді. Сонымен қатар, тәуелсіздік – бұл, ең алдымен, жауапкершілік. Өз тағдыры мен болашағын өзі анықтау, гүлденген және еркін Отан құру жауапкершілігі.

Бүгінгі жетістіктер бізге шекара боламайды. Халқымыз бұдан да жақсы өмір сүруге лайық және үлкен істерге қабілетті. Егер біз бәріміз «бір жұдырық» болып, өз міндетімізді адал атқарып, реформаларда белсенді қатысушы болсақ, алға қойылған мақсаттарға міндетті түрде жетеміз. Бұл үшін бізде мүмкіндік, күш-қуат және әлеует жеткілікті екенін атап өтілді.

Президент марапаттарды қабылдап алған отандастарымызды да құттықтады.

– Марапат неізінде не? Марапат – бұл, ең алдымен, адамның қадірін көтеру. Адамның еңбегі бағаланып, мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау тапса, одан оның өзі де, отбасы да, достары да, махалласы да, жалпы, бүкіл ел де қуанады. Біздің мақсатымыз да осы: адал және нәтижелі жұмыс істейтін адамдарды бағалау, құрмет көрсету, – деді Мемлекет басшысы.

Содан кейін марапатталғандарға құрметті атақ, орден және медальдар салтанатты түрде табысталды.

– Жақсы жұмыс істеген адам қадірлі болады. Бүгін адал еңбек, жанқиярлық пен отансүйгіштік тағы да қадірленген күн. Бүгінгі жоғары атақ, орден мен медальдар сіздерді жаңа жеңістерге жетелесін. Елде осындай адамдар қаншалықты көп болса, мен де марапаттаудан жалықпаймын, – деді Шавкат Мирзиёев.

Марапатталғандар жоғары құрмет үшін алғыстарын білдіріп, халқымызға ізгі тілектерін айтты.