Президент төрағалығында 2023 жылғы ипотекалық бағдарламаға арналған жиын басталды
Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен «Жаңа Өзбекстан» массивтерінде тұрғын үй құрылысының бірінші кезектегі міндеттері мен 2023 жылға арналған ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру мәселелеріне арналған бейне байланысты кеңесі өтуде.
Өзбекстанда кейінгі алты жылда халық саны 5,5 миллион адамға өсіп, көп өтпей оның 40 миллион адамға жететіні, 2017 жылдан бері 326 мың жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгені айтылды.
Осы кезеңде жан басына шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 18 пайызға өсті.
Соңғы үш жылда 210 мың отбасыға 33 триллион сум көлемінде ипотекалық несие, 73 мың күнкөрісі төмен отбасына бастапқы жарна мен пайыздық төлемдерге 1,3 триллион сум субсидия берілді.
Салаға нарықтық қағидаттар енгізіліп, жүздеген жеке клиенттік компаниялар құрылды. Сейсмикалық қауіпсіз және энергияны үнемдейтін құрама темірбетонмен көпқабатты үйлерді салу бойынша 11 ірі кластер пайда болды.