Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент төрағалығымен білім беру жүйесіндегі реформалардың орындалу барысы жөнінде жиналыс басталды
14:06 / 2025-09-09

Президент Шавкат Мирзиёев төрағалығымен Мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесіндегі реформалардың орындалу барысы мен болашақтағы басым бағыттар бойынша бейнеконференция форматында кеңейтілген жиналыс өтіп жатыр.

Жиын барысында елге тартылып жатқан инвестициялар мен жаңадан ашылып жатқан кәсіпорындар санына сай, оларға лайықты мамандарды даярлау қажеттілігі атап өтілді.

Осы уақытқа дейін мұғалімдердің еңбекақысына 10-нан астам үстеме ақы енгізілгені айтылды.

«Назар аударыңыз, бүгінде өз кәсіби біліктілігін, білім деңгейін жан-жақты арттырған 60 мыңнан астам мұғалім 10–12 миллион сум көлемінде айлық жалақы алып отыр. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған», – деді Мемлекет басшысы.

Осы айдан бастап мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және олардың орынбасарларының жалақысы да 10 миллион сумнан асты. Сонымен қатар жаңа бағалау жүйесіне көшкен 1500 мектептің ішінен оң нәтиже көрсеткен 300 мектеп ұжымы40 пайызға дейін үстеме ақы алатын болды.

- Мен халқымызға мұғалімдердің жалақысын мың долларға жеткіземіз деп айтқан сөздерім, міне, арада үш жыл өтіп орындалып отыр, деді Мемлекет басшысы.