Соңғы бес айда елімізде өнеркәсіп көлемі 6,4 пайызға артты, экспорт 18 пайызға, ал шетелдік инвестициялар 46 пайызға көбейді. Құны 3 миллиард АҚШ долларына тең 2,5 мыңнан астам жаңа өндіріс іске қосылып, 2 миллион 400 мың адам табыс табу мүмкіндігіне ие болды.
Алайда жақында әлемде тағы бір қақтығыс ошағы өршіп, бұл жағдай тек Таяу Шығысқа ғана емес, аймағымызға да әсер етпей қоймайтыны айтылды. Егер шиеленіс жалғасатын болса, пандемиядан кейін енді ғана қалпына келе бастаған сауда байланыстары мен логистикалық бағыттар қайтадан қиындайды.
– Бүгінде бейбітшілік, әділеттілік пен адам қадірін ардақтауға деген сұраныс бұрынғыдан да арта түсуде. Сондықтан әрбір әкім өз өңіріндегі, әрбір министр өз саласындағы мүмкіндіктер мен қауіптерді алдын ала көре біліп, тапсырма күтпестен, өз бастамасы бойынша әрекет ететін уақыт келді.
Ең маңыздысы – халықпен және бизнес өкілдерімен байланысты нығайтып, олардың көтеріп отырған мәселелерін шұғыл шешу – бұл жетекшілердің басты міндеті болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.