Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Ташкент қаласындағы Ішкі істер бас басқармасының жұмысымен танысты
16:31 / 2021-02-12

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 12 ақпанда Ташкент қаласы Ішкі істер бас басқармасында болды.

Мемлекет басшысы ең алдымен бас кеңсенің ақпараттық мультимедиялық орталығының қызметімен танысты. Мұндағы орталық жаңа техникамен жабдықталған болып, қылмыс пен оқиғалар туралы жедел хабарламалар, брифинг және баспасөз конференцияларын дайындауға барлық жағдай жасалған.

Орталықтың жұмысымен танысу барысында Президент жүйеде болып жатқан өзгерістер туралы халықты хабардар етіп, олардың қауіпсіздігін арттыру керектігін айтып:

- Қазіргі кезде барлығы телефонмен, әлеуметтік желіде. Адамдарды полиция бөліміне шақыратын немесе қағаз жүзінде шағым күтетін күндер артта қалды. Енді аудан мен қала әкімшілігін махалламен байланыстыратын, адамдармен онлайн режимінде байланысатын бағдарламалық өнім жасау қажет. Барлық ішкі істер жүйесі ақпараттық технологиялар негізінде жұмыс істеуі қажет, - деді Шавкат Мирзияев.

Осындағы сапар аясында Ташкент қаласы Ішкі істер Бас басқармасының мұражайы ашылды. Мемлекет басшысы атаулы миузейге барып, оны көзден кешірді.

 

Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудандарда құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру, осы саладағы профилактикалық инспекторлардың жұмысын жақсарту бойынша жаңа жүйелік жоба таныстырылымы өтті.