Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Ташкент қаласы ауданданының тазалығы және қысқа дайындығымен танысты
19:51 / 2023-11-18

Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының Мырза Ұлықбек ауданындағы Хабиб Абдуллаев махалласында болды.

Бұл махаллада 4400-ден астам адам тұрады. Мұнда елуге жуық сауда дүкен мен техникалық қызмет көрсету орталықтары, білім беру ұйымдары жұмыс істейді. 38 көпқабатты тұрғын үй мен төрт әлеуметтік нысанға «Мәдени аумақ» басқарушы қызмет көрсету кәсіпорны қызмет көрсетеді.

Тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне барлық жағдай жасалған. Биылғы жылы аталар шайханасы, амфитеатр, «Wi-Fi» аймағы салынып, ішкі жолдар мен балалар ойын алаңдары жөнделді.

Шенеуніктердің назары мен халықтың ауызбіршілігінің арқасында өңірдің келбеті түбегейлі өзгерді. «Жасыл кеңістік» жобасы аясында биылғы күзде 2 мыңнан астам сәндік және жеміс ағаштары отырғызылды. Екі құдық қазылып, жасыл алқаптарға суару жүйесі жасалды.

Мемлекет басшысы осында аудан белсенділері, зиялы қауыммен әңгімелесті. Олар махалланың көркейіп, энергия желілері жөнделіп, қысқа дайындық жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Президент электр қуатын үнемдеу, үйлердегі жылуды ұстап тұру, оған әрбір адамның бойында қамқорлықты туғызу керектігін айтты.

– Әлемдегі климаттық өзгерістер бізден алыс деп айтуға болмайды. Өткен жылғы аяз соны көрсетті. Енді климаттың өзгеруін ескере отырып, дүниетанымымызды өзгертуіміз керек. Әрбір азамат «бұл менің үйім, менің көршім, менің махаллам, менің Отаным» деп өмір сүрсе, нәтиже біз ойлағандай болады, - деді Шавкат Мирзиёев.

Бұл ықшам ауданда қыс түскенше он трансформатор жөнделді, электр сымдары ауыстырылды. Көпқабатты үйлердің кіреберіс дәліздері күрделі жөндеуден өтті, жаңа есіктер орнатылды. Тұрғын үйлердің жертөлесіндегі жылу құбырлары жаңартылды.

Мемлекет басшысына Чиланзар ауданына сапары барысында берілген тапсырмаларға сәйкес қысқа дайындық барысы туралы ақпарат берілді.