25 ақпанда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент облысында жүзеге асырылатын жобалардың таныстырылымынақатысты.
Презентацияда - Ташкент облысының Қыбрай ауданында, «Ташкент-Шығыс» әуежайының маңында 155 гектар бақша салу жобасы таныстырылды. Оны әзірлеуде әлемдегі мегаполистердегі әйгілі саябақтардың ландшафты мен қолайлылығы қарастырылған болып, атаулы бақта тек ағаштар, бұталар мен гүлдерден тұратын ерекше дендропарк болуға арналған. Бұл Ташкент экологиясына айтарлықтай әсер ететін, тұрғындар мен қонақтар келіп аралайтын «жасыл аймақ» болады.
Осы баудың жанынан Олимпиада қалашығын салу жоспарлануда. Азия олимпиадалық кеңесінің шешімі бойынша 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Ташкентте өтетіні белгілі. Оған құрлықтың 45 елінен келетін жастар спорттың 20-ға жуық түрінен бақ сынайды. Бұл беделді халықаралық байқау Өзбекстан тарихында алғаш рет өткізілмек.
Осы мақсатта 160 гектар аумаққа Олимпиада қалашығын салу жобасы жасалды. Ескек есу жарыстарына қажетті жағдай жасау үшін Шыршық өзенінің 5 шақырымнан астам бөлігі қалпына келтіріліп, оның жағасына 270 гектарлы саябақ салу жоспарланған.
Бұлардан бөлек, Қыбрай ауданының осы аумағында 2 университет, аурухана, экспо, сауда және ойын-сауық орталығы ғимаратын орналастыру жоспарлануда.
Атаулы жобалармен танысқан Мемлекет басшысы сапалы әрі ыңғайлылық тұрғысынан өте қолайлы болуын баса айтып, нысандар салуда әлемдік озық тәжірибені қолдануды тапсырды.





