Президент Ташкент қаласындағы өндіріс нысандарын аралап қала тұрғындарымен кездесті
Шавкат Мирзияев 21 тамыз күні Ташкент қаласындағы өндіріс нысандарын аралап Бектемір ауданындағы тұрғындарымен кездесу өткізді
Шавкат Мирзияев 21 тамыз күні Ташкент қаласындағы өндіріс нысандарын аралап Бектемір ауданындағы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бектемір ауданындағы «Cooperation LAB» орталығында болған Мемлекет басшысы ондағы өндірістік кооперацияны кеңейту және аймақтардағы оқшаулау мәселелері бойынша кеңес өткізіп, орталықтың жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Бектемір ауданындағы «Metal Processing» ЖШС-тің өнімдерімен танысты. Жалпы құны шамамен 34 млрд сумды құрайтын жоба индустрияны локализациялау мен импортты алмастыруда өте маңызды болып саналады. Швейцарияның «SkillSonics International AG» компаниясымен бірлесе отырып, металл өңдеуде әлемдік стандарттар қолданылатын атаулы компанияда қазіргі кезде 85 маман жұмыс істеуде.

Президент Шавкат Мирзияев Бектемір ауданындағы осы айда жаңадан жұмысын жолға қойған «Prof-Milk» бірлескен кәсіпорнына барып ондағы жұмысты көзден кешіріп, мұндағы қолайлықтармен танысты.

Шавкат Мирзияев Ташкенттегі дәл осы аудан аумағында орналасқан «Бинокор» ЖШС құрылыс компаниясының өндірістік алаңына барды. Жалпы құны 50 миллион долларды құрайтын жобалық жұмыстың басты талабы елдегі құрылыс нысандарын темір-бетон панелдерімен қамтамасыз етуге ыңғайланған.

Ташкент қаласы жалпы өндірісінің 10 пайызын құрайтын Бектемір ауданындағы бірнеше нысанды аралаған Президент Шавкат Мирзияев қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, аудандағы тұрғындар тұрмысын жақсартуға бағытталған жаңа жоспарлармен бөлісіті.

