Президент Ташкент қаласы мен Ташкент облысындағы коронавирустық жағдай бойынша шенеуніктерге ескерту жасады
15 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев Ташкент және Ташкент облысындағы пандемия жағдайын талқылау үшін бейнеконференциялы жиын өткізді
15 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев Ташкент және Ташкент облысындағы пандемия жағдайын талқылау үшін бейнеконференциялы жиын өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Коронавирус індеті елге кіріп келгелі Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдайды мұқият қадағалап және бұл мәселені әр кездесуде талқыға салып келуде. Кешегі жиында да осы жағдай бойынша жергілікті шенеуніктердің жұмыстары туралы есебін тыңдады. Олардың қазіргі күрделі жағдайды дұрыс бағалай алмағандары, қауіпті түсінбей келгені белгілі болды.
Әсіресе, Ташкент және астананың маңындағы облыс әкімдері мен сектор басшылары оларға сеніп тапсырылған аудандардағы нақты жағдайды зерттемеген, деп Мемлекет басшысы: «Медициналық мекемелердегі нақты жағдайды білмейді. Халықты вирустың алдын-алуға және қорғауға, науқастарды уақтылы және дұрыс емдеуге жауапкершілікті сезінбеген», деді.
Тіпті Денсаулық сақтау министрлігі соңғы айда коронавирусты емдеу стратегиясы мен тактикасын түбегейлі бұзды, нақты жағдайға байланысты емдеу тәжірибесін өзгерткен жоқ. Одан қалса Ташкентте диагностикалық зерттеулер мен қажетті медициналық жабдықтар жетіспейді. Дәріханалардағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің бағасы бірнеше рет негізсіз көтерілгені себепті халық арасында көптеген наразылықтарға себеп болуда.
Осы жағдайларға байланысты Республикалық арнайы комиссияға осы екі аймаққакороанвирустың тарауына қарсы күресу мен тұрғындарды емдеу жұмысына қатысты барлық министрліктер мен ведомстволардың, ірі медициналық мекемелердің басшыларынан құралған 24 сағат жұмыс істейтін штап құруға бұйрық берілді. Атаулы штаб нақты уақыт режимінде жағдайды қадағалап отырады және туындаған мәселелерді тез арада шешу үшін шаралар қолданады.
Бұдан бөлек Ташкенттегі және облыстағы емханалар құрамында бар мобильді топтардың санын үш есеге көбейту тапсырылып, Ташкент қаласының әкімшілігіне кемінде 3 айға жеткілікті дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету жүктелді.
- Тағыда қайталап айтамын. Дәл қазіргі кезде бүкіл әлем, соның ішінде біз де көрінбейтін дұшпанмен шынайы түсінікте соғысып жатымыз. Егер біз осы вирустың барлық қауіп-қатерін дұрыс бағалап, әр тараптама дайындықпен күресетін болсақ, онда біз сөзсіз жеңеміз, - деді Шавкат Мирзияев.


