Президент төрағалығымен елдегі жастар және қыз-келіншектерді жұмыспен қамту жөнінде жиын өтті
Қазірде Өзбекстандағы жұмыссыздар санының 732 мыңын жастар, 834 мыңын қыз-келіншектер құрайды екен
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 14 шілдеде жастар мен қыз-келіншектерді жұмыспен қамтуды арттыру, оларды табыс көзімен қамтамасыз ету туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Қазірде Өзбекстандағы жұмыссыздар санының 732 мыңын жастар, 834 мыңын қыз-келіншектер құрайды екен.
Жастардың мәселесін тиімді шешу мақсатында осы жылдың 30 маусымында «Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын түбегейлі реформалау және оны жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес, жастар саясатын жүргізуде мемлекеттік органдарына мәселені көтере алатын қажетті өкілеттіктер мен қаржылық ресурстарға ие Жастар істер агенттігі құрылды. Ал қыз-келіншектер мен жұмыс істеу үшін Махалла және отбасыны қолдау министрлігінде вертикалды жүйе құрылған.
Жиында Мемлекет басшысы жастар мен қыз-келіншектердің мәселесін шешу маңыздылығын айтып, ең әуелі мектеп түлектерін оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Биыл 452 мың ұл-қыз орта мектепті бітірді. Оның ішінде 70 мыңы жоғары, 85 мыңы - кәсіптік білімде. 95 мыңнан астамы жұмысқа орналасса да , тағы 200 мыңға жуық жасты жұмыспен қамту керек екендігі айтылды. Сол үшін мектеп кезден-ақ кәсіпке оқыту методикасын енгізу белгіленді. Осы мақсатта жаңа оқу жылынан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдеріне оқушылардың ЖОО-ға түсуіне, кәсібі мен жұмысқа орналасу деңгейіне байланысты жоғары жалақы төленеді. Ол үшін 7-сыныптан бастап оқушылардың мамандыққа деген бейімділігі анықталып, 8-9 сынып оқушылары бағдарламашы, дизайнер, аудармашы сияқты перспективалы мамандықтар үшін негіз болатын білім мен дағдыларды иеленеді. 10 сыныптан бастап робототехника және бағдарламалау сияқты жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту енгізіледі.
Жастар үшін тағы бір маңызды жаңалық - кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік қоры жанынан Венчурлық қор құру белгіленді және осы қорға басстапқыда 1 миллион доллар беріледі. Сондай-ақ, стартап-жобалар байқауын ұйымдастыра отырып, биылғы жылы әр аймақтағы ең жақсы 10 стартап-жобаға және келер жылдан бастап жылына 20-дан кем емес ең жақсы стартап-жобаларға 50 миллионнан 200 миллионға дейін грант бөлінеді. Бұдан бөлек, жастарға құдық қазуға, суару жабдықтарын сатып алуға, жылыжай орнатуға, ұрықтық тұқым мен көшеттер сатып алуға субсидиялар қарастырылған.
Әр аудан мен қалалы жерлерде әйелдер кәсіпкерлігі жобаларының тізімі жасалып, ай сайын «Әйелдер кәсіпкерлігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыру, жеңілдетілген несиелер мен гранттар беру бойынша тапсырмалар берілді.
Микрокредит алуға ниет білдірген жастар мен әйелдер кәсіпкерлікке ақысыз негізде оқытылатын болып, жыл сайын 5 мың жас пен қыз-келіншектер жұмыс пен қамтылады. 14 шілдеде қол қойылған Кәсіпкерлікті қаржыландыру және шағын индустриялық аймақтарды дамыту туралы Президенттің Жарлығында Қайта құру және даму қорынан 2 миллион доллар несие қарастырылған.
Мемлекет басшысы қабылдаған шаралардың негізінде екі нақты мақсат бар - жастар мен қыз-келіншектерді жұмыспен қамту, нәтижесінде отбасыларға тұрақты табыс көзін беру көзделген.



