Президент сырдариялық белсенділер және су тасқынынан зардап шеккендермен кездесті
Сырдария облысына сапармен барған Президент Шавкат Мирзияев сырдариялық белсенділер және су тасқынынан зардап шеккен жандармен кездесті
13 қазанда Сырдария облысына сапармен барған Президент Шавкат Мирзияев сырдариялық белсенділер және су тасқынынан зардап шеккен жандармен кездесті.
Мемлекет басшысы облыс тұрғындарымен кездесуде бүгінгі шуақты әрі жарық жүзбен кездескеніне қуанышты екенін айтып, - Соңғы бес айда барлығымыз сынақтан өттік. Біз бірге табандылықпен және қажырлы еңбектің арқасында жағдайды қалпына келтірдік, жаңа үйлер мен жолдар салынды. Мен бүгін осы жасалған жұмыстарды көріп қатты қуандым. Бірақ маған ең үлкен күш пен қуаныш сыйлаған нәрсе - адамдардың көңіл-күйі, - деді Шавкат Мирзияев.
Сардоба су қоймасының жарылуы сондағы үйлерге, әлеуметтік нысандарға және ауылшаруашылық жерлеріне үлкен зиян келтірді. Үкіметтік комиссия жасақталып, келген залалдың салдарын жою үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды. Су басқан аудандардың тұрғындары қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, баспана және тамақпен қамтамасыз етіліп, Төтенше жағдайлар министрлігі, Су ресурстары министрлігі, Қорғаныс министрлігі, құқық қорғау органдары, құрылыс және жөндеу ұйымдары мен жергілікті билік бірлесіп әрекет етуінің арқасында, көп уақыт өтпей тұрмыстық жағдай қалпына келтірілді.
Осы бірлескен күш-жігердің арқасында үш жаңа аудан салынып, балабақшалар мен мектептерде, колледждер және денсаулық сақтау мекемелерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, су басқан аймақтарда жүргізілген абаттандыру жұмыстары негізінде олар бүгін жаңа көркті көркем ордаға айналды.

Осы кездесуден кейін Мемлекет басшысы Сырдарияға жасаған сапарын аяқтады.


