Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Президент шыршасы» карантиндік талаптарға сай ұйымдастырылады
14:20 / 2020-12-23

Өзбекстанда жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында өтетін «Президент шыршасы» мерекелік шарасы биыл карантиндік талаптар негізінде ұйымдастырылатын болды.

Берліленген тәртіпке сай, «Президент шыршасы» COVID-19 коронавирусы жағдайында балалар денсаулығын сақтау мақсатында, карантиндік талаптарды ескере отырып көрерменсіз ұйымдастырылады.

Мерекелік шара «Томоша» балалар театр-студиясы дайындаған «Президент шыршасы» бағдарламасы аясында Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясы тарапынан түсіріліп, «Болажон» және «Ёшлар» телеарналары ұйымдастырған Жаңа жылдық телемарафон аясында эфирге шығады.

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда «Балалар үйі тәрбиеленушілері», ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-аналары Отан шекараларын қорғауда қаза тапқан балаларға және әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасылардан шыққан 3-15 жас аралығындағы балаларға 11 мың дана «Президент сыйлықтары» дайындалуда. Сыйлықтар жоспар бойынша барлық аймақтарға 28-30 желтоқсан аралығында жеткізіледі.

Еске салар болсақ, Ташкент қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай бой көтерген бас шырша 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін (сағат 10:00-ден 22:00 аралығында) ашық болады.