Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент шекарашылардың қызметі және тұрмыс жағдайымен танысты
20:50 / 2023-03-13

Өзбекстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзиёев Мемлекеттік күзет қызметі шекара қызметінің Сұрхандария облысындағы взводының бірінде болды.

Әкімшілік ғимараттағы жағдай, шекара күзетінде қолданылатын әскери техника мен қару-жарақ тексерілді. Мемлекеттік шекараны күзетуде ұшқышсыз ұшу аппараттының маңыздылығы атап өтілді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан-Ауғанстан шекарасын күзету барысымен жақыннан танысты.

Өзбекстанда әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттырумен қатар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауға да үлкен көңіл бөлінуде. Осы взводтың жанынан жайлы пәтерлер де салынған.

Мемлекет басшысы осындай пәтерлердің бірінде қонақта болды. Әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен әңгімелесті.

– Отанымызды қорғаушылардың өз міндеттерін сабырмен атқаруы, ұрпақ тәрбиесі сіздерге байланысты. Сіз жұбайыңызға көмектесу арқылы үлкен ерлік көрсетудесіз. Сіздер де Отан қорғаушыларысыздар, – деді Шавкат Мирзиёев сарбаздардың жұбайларына.

Аулада ойын алаңдары, спорт алаңдары, әйелдерге арналған тігін және кондитерлік бөлмелер бар. Балаларды мектепке, балабақшаға апаратын автобус қойылған.