Президент Шавкат Мирзиёевтің Ресейге сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жасаған жұмыс сапары аяқталды.
Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Өзбекстан мен Ресей басшыларының кездесуі өтті.
Іс-шаралар аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды. «Внуково» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Ресейдің ресми өкілдері шығарып салды.

