Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Шавкат Мирзиёев жұмыс сапарымен Сұрхандария обылысына келді
12:03 / 2026-02-26

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Сұрхандария обылысына келді. Мемлекет басшысы сапарын дәстүр бойынша Хәкім Тирмизи кесенесін зиярат етуден бастады.

Құран оқылды. Халқымыз бен елімізге тыныштық пен береке тілеп, дұға жасалды.

Ғұламалармен өткен сұхбатта ислам дінінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ғалым, отандасымыз Хәкім Тирмизидің рухани-ағартушылық мұрасын терең зерттеу және оны жерлестеріміз бен халықаралық қауымдастық арасында кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қасиетті дініміздің ізгілік, адамгершілік, мейірім-шапағат сияқты асыл қасиеттерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту, осы негізде жас ұрпақты ізгі идеялар рухында тәрбиелеу, олардың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін күшейту қажеттігі атап өтілді.

Кейініг жылдары жөндеуден өтіп, көркейтілген бұл қасиетті кешенде зияратшылар үшін барлық жағдай жасалған. Айналасы абаттандырылып, кесенеде ауқымды жұмыстар жүргізілген. Заманауи жарықтандыру, жылыту және салқындату жүйелері орнатылған. Кешен аумағында қолайлы микроклимат қалыптастыру мақсатында 40 түрлі төрт мыңнан астам көпжылдық сәндік ағаш және 20 мыңнан аса маусымдық гүл отырғызылған.

Ислам ғылымдарының тәпсір, хадис, фиқһ, калам, ислам философиясы, сопылық тарихы және сопылық ілім салаларында көптеген еңбектер жазған ойшылдың кешенін ұқыпты сақтау әрі зияратшыларға қолайлы жағдайды кеңейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.