Президент Шавкат Мирзияевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Нұр-Сұлтан қаласына жасаған екі күндік мемлекеттік сапары аяқталып, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.
Мемлекеттік сапар аясында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың одақтастық деңгейіне көтерілуі тарихи оқиғаға айналды.
Екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша барлығы 22 құжатқа қол қойылды.