Президент Шавкат Мирзияевтің Пәкістанға мемлекеттік сапары аяқталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрі Имран Ханның шақыруымен Исламабад қаласына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарын аяқтап, Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.
Мемлекеттік сапар аясында Өзбекстан Республикасы мен Пәкістан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің келесі қадамдары туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Бұдан бөлек, сапар қарсаңында өткен бизнес-форумда жалпы құны 800 миллион доллар болатын бірлескен сауда-инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.