Тарихта алғаш рет Ташкентте өткен Өзбекстан жастары форумында Президент Шавкат Мирзияев қатысып, форумға келген жастармен ашық сөйлесті және олардың бастамаларына қолдау білдірді.
Ташкенттегі «Humo Arena» мұз айдынында ұйымдастырылған шараға келгендер және аймақтардан қатысқан жастар Президентке өз пікірлері мен ұсыныстарын ашық айтты.
Мемлекет басшысы жастардың барлық тиісті бастамаларын қолдап, сол бойынша жауапты кісілерге тапсырма жүктеді: - Форум барысында сіздермен сөйлескен министрлер маған айтақан сұрақтарыңыз бен пікірлеріңіз жайлы жеткізді. Мемлекеттік органдар басшылары жастардың проблемаларын ата-ана ретінде, шын ықыласпен, жүйелі түрде орындамағаны рас. Ал, енді барлық басшылар жастардың үндеуін тыңдап, олардың талаптарын орындайтын болады, - деді Шавкат Мирзияев.
Президент форум барысында айтылған түрлі пікірлер жан-жақты талданып, тиісті шешімдер қабылданатынын айта тұра: -Мен сіздерге бір сырымды айтар болсам, аймақтарға барғанда көбінесе жастармен кездесуге, олармен сөйлесуге тырысамын. Өйткені мен сіздер сынды көзінде оты бар жастарды іздеймін. Сіздер бұған лайықсыздар, -деді.

«Humo Arena» мұз айдынында ұйымдастырылған шараға 3,3 мыңнан астам және аймақтық студияларда 26 мыңнан көп жас жігіттер мен қыздар қатысты. Осынау форум, Президентпен болған ашық диалог ел жастарына көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас мотивация сыйлады. Іс-шара соңы концерттік үлкен мерекемен жалғасын тапты.



























