Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Шавкат Мирзияев Ғылымдар академиясының Математика институтына барды
19:07 / 2020-06-12

Мемлекет басшысы атаулы ғылым ордасында математиктерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңадан бой көтеріп пайдалануға берілген нысандағы жұмыс барысымен танысты


12 маусымда Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан Ғылымдар академиясының Математика институтына барды, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы атаулы ғылым ордасында математиктерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңадан бой көтеріп пайдалануға берілген нысандағы жұмыс барысымен танысты. Жаңа ғимаратта 7 ғылыми зертхана және жас математиктерге арналған орталық бар болып, бұдан бөлек ақпараттық ресурстық орталық пен семинар бөлмелері, академиктер мен зерттеушілерге арналған кабинеттер, кітапхана, мәжіліс залы, ас үй орын алған бұл нысанда барлық құрал жабдықтар ең жоғары сападағы заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Білім беру саласының қызметкерлері, ректор және математиктермен сұқбаттасқан Мемлекет басшысы «- Бұл заманауи институт барлық ғалымдар үшін ағартушылық орталығы болуы керек. Математика көптеген ғылымдарға жол ашады. Біз оны осынау кампуста салғанымыз кездейсоқтық емес. Бұл институт білім мен ғылымның байланысын қамтамасыз етіп, еліміздің дамуына негіз қалауы керек. Математиканың негізін Әл-Хорезми, Ахмад Фарғони, Абу Райхан Беруни сияқты ұлы бабаларымыз қалаған. Бұл біздің қанымызда бар. Бірақ соңғы жиырма жыл ішінде математикадан білім деңгейі төмендеді. Өйткені мұғалімдерге лайықты жалақы мен қажетті жағдай жасай алмадық. Соның негізінде қазір көп салада оның әсері сезілуде. Бүгінгі таңда осы ғылымды дамытудағы біздің мақсатымыз - математикадан бәсекеге қабілетті орта құру, өндіріс және машина жасау саласында мықты кадрларды даярлау, - деді.

Соңғы бес-он жыл ішінде математика саласында жоғары оқу орындарын бітірген жастарды тауып, олардың қалауына қарай қайта дайындықтан өткізіп мектептерге, ғылым кандидаттарын жоғары оқу орындарына тарту маңызды екендігі айтылды. Сонымен қатар математика кафедраларының меңгерушілерін сайлау тәртібін енгізу, кафедра меңгерушілерінің кеңесін құру және тұрақты тәжірибе алмасу туралы тапсырма берілді.