Президент Шавкат Мирзияев Ташкентке қайтып келді
Сапар барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа, салтанатты шараларға қатысты
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ресейге жасаған жұмыс сапарын аяқтап Мәскеуден Ташкентке қайтып оралды.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа, салтанатты шараларға қатысты.
Сонымен қатар Ресейдегі Ислам Каримов құрметіне қойылған ескеркішке гүл шоғын қойып, сондағы өзбекстандықтармен кездесті.
