Президент Шавкат Мирзияев Парламентке кезекті Үндеу жолдайды
Атаулы үндеу елдің заң шығарушы тармағының жаңа құрамы қалыптасқанына орай жолданбақ
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 24 қаңтарда сағат 11: 00-де Сенат пен Заң шығару палатасына жаңа үндеу жолдайды.
2019 жыл 22 желтоқсанда Олий Мажлистің Заң шығару палатасы халық депутаттарының жергілікті кеңестеріне сайлауы өтіп, онда маңызды саяси шара ел тарихында алғаш рет қабылданған Сайлау кодексіне сәйкес «Жаңа Өзбекстан - жаңа сайлау» ұранымен өтті.
Осы сайлаулар нәтижесіне байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының 150 депутаты мен Сенаттың 97 мүшесін тіркеді және Президенттің 2020 жыл 17 қаңтардағы Жарлығымен Сенаттың 13 мүшесін тағайындалды. Осылайша, елдің заң шығарушы тармағының жаңа құрамы қалыптасты.
Осыған орай Мемлекет басшысының Олий Мажлиске кезекті Үндеуін осынау жаңа парламентке жолдайтын болады.
Бұл беделді конференция Халықаралық конгресс орталығында өтетін болып, оған Сенат мүшелері мен Заң шығару палатасының депутаттары, бейнеконференция жүйесі арқылы аудан, қала мен облыстардағы жергілікті Кеңестер депутаттары, сондай-ақ атқарушы және қожалық басқару органдардың төрағалары мен, мемлекеттік емес ұйымдар мен жұртшылық қатысады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.