Президент Шавкат Мирзияев осы аптада Түркіменстанға барады
Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Мемлекет басшысының жұмыс аптасының жоспары бойынша журналистерге брифинг өткізді.
Брифинг басында Шерзод Асадов Мемлекет басшысының өткен аптадағы қызметіне шолу жасап осы аптадағы жұмыс кестесімен қатысатын іс-шаралар туралы мәлімет берді.
Оның айтуынша, осы аптада күн тәртібінде бірқатар іс -шаралар орын алған. Атап айтқанда, Ташкентте жылу жүйелерін жаңғырту бойынша презентация мен аймақтар мен өндірістердің экономикалық өсуін қамтамасыз ету бойынша бейнеконференциялы жиын өткізу жоспарланған.
Жұма күні Президент Шавкат Мирзияев Түркіменстанның Аваза қаласында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кезекті саммитіне қатысады.