Президент Шавкат Мирзияев Бұхараға барды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 21 қаңтарда аймақтардың дамуы және халықтың бүгінгі тұрмысымен танысу мақсатында Бұхара облысына барды.
Мемлекет басшысы Бұхараға келгеннен кейін, тікұшақпен облыстағы «Олот» ауданына барып ондағы тұрғынармен кездесті.
2020 жылдың 27 сәуірінде Бұхара облысына оңтүстіктен қатты жел соғып, соның нәтижесінде тұрғын үй мен инфрақұрылымға және даладағы егінге үлкен зиян келген болатын.
Мемлекет басшысы тез арада сол жерге келіп, табиғи апаттың салдарын жою, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жөндеу бойынша тапсырмалар берді. Аз уақыт ішінде қажетті жұмыстар жасалып, облыстың 7 ауданында 45 мың үй мен 204 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтіп, мыңнан астам әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар, жолдар, электр, газ және байланыс желілері қалпына келтірілді.