Президент сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Бүгін 28 маусым Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.
Сайлау құқығы бар барлық азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету демократиялық мемлекеттің маңызды факторларының бірі болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясының осы жылғы 20 маусымдағы қаулысымен сайлау өтетін күні 9 шілдеде тұрғылықты жерінде бола алмайтын сайлаушылар үшін 28 маусым мен 5 шілде аралығында мерзімінен бұрын дауыс беру ұйымдастырылды. Соның негізінде бүгін, 28 маусымда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.
Сайлау учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беру уақыты жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін. Бүгін Өзбекстанда мереке болғандықтан, сағат 11:00-де республика бойынша сайлау учаскелері мерзімінен бұрын дауыс беру үшін ашылды.