French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент сапар басрысында Белтовтағы құрылыс жұмыстармен танысты
22:50 / 2022-02-23

Президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанға сапары барысында «Тахтакөпір» ауданнындағы Белтов ауы азаматтарының жиынына қатысты.

Мұнда мыңнан астам адам тұрады. Аудан орталығынан 40 шақырым жердегі бұл аумақ бұрындары мүшкіл халде еді. «Абат ауыл» бағдарламасы негізінде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауылдың келбеті өзгерді.

Азаматтар жиналысы кеңсесі, Мәдениет үйі, Медициналық орталық, Мектепке дейінгі мекеме күрделі жөндеуден өтті. Монша салынды. Жаңа құбырлар тартылып, ауыз сумен қамтамасыз ету жақсарды. Көшелерге құм-қиыршық аралас және қара тас төселген. «Оржап» каналына жаяу жүргіншілер көпірі салынып, жолақтар мен каналдар ретке келтірілді. 5 шақырым электр желісі жаңартылып, трансформатор орнатылды.

Шавкат Мирзияев ауылдағы құрылыс жұмыстарымен танысып, халықпен сұхбаттасты.

– Біз соңғы жылдары Қарақалпақстанға ерекше назар аударып, үлкен күш пен ресурстарды тартудамыз. Адамдар жолымыз дұрыс екеніне сенді. Енді алдымызға жаңа мақсаттар қойдық. Барлық басшыларды Қарақалпақстанға алып келдік. Бұл тарихта ешқашан болған емес. Олар қаражатпен, командамен келіп, нақты жобаларды әзірлейді. Тақтакөпірдің бұрынғы жағдайын қалпына келтіру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сұхбат барысында әйелдердің тұрмысын жақсарту мәселесіне тоқталды.

– Біз елімізде әйелдердің көз жасын төкпейтін қоғам құруымыз керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Сондай-ақ, облыс әкімінің көмекшілерімен, жастар көшбасшыларымен де әңгіме болды. Олар елді мекендердегі мәселелерді шешіп, халықты жұмыспен қамту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мемлекет басшысы осында журналистермен де сөйлесті.