French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Самарқандта жаңадан ашылған көпсалалы медициналық орталықта болды
19:04 / 2021-04-16

Мемлекет басшысы Самарқандтағы жұмыс сапары аясында «Zarmed Practices Hospital Group» өзбек-үнді бірлескен кәсіпорны құрған көпсалалы медициналық орталықтың қызметімен танысты.

Бірлескен кәсіпорынның алғашқы жобасы болған медициналық орталыққа 8,5 млн доллар қаржы жұмсалған. Оның 1,5 млн доллары - шетелдік инвестиция.

Көпсалалы медициналық орталықта 5 заманауи хирургиялық зал және 100 орынды төсек бар. Заманауи диагностикалық жабдық интервенциялық кардиохирургия, нейрохирургия, эндоскопиялық хирургия, ортопедия және травматология, урология және гинекология, отоларингология қызметтері үшін орнатылған. Орталық бір уақытта 600 адамды қабылдай алады. Халықаралық стандарттар негізінде медициналық қызметтер кешенді түрде көрсетіледі.

Қазіргі уақытта көпсалалы медициналық орталықта онға жуық жоғары білікті медицина мамандары жұмыс істейтін болып, олардың көпшілігі - халықаралық тәжірибесі бар мамандар.

Көпсалалы медициналық орталық жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы: «Елімізде жеке медицинаға жағдай жасау нәтижесінде осындай заманауи клиникалардың саны артып келеді. Ендігі міндет – науқастарға сапалы қызмет көрсету арқылы адамдардың сеніміне кіру. Шетелге емделуге барғысы келетіндерді тарту керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Шенеуніктерге Самарқандта жеке медициналық университет пен клиникадан тұратын медициналық кластер құру, шетелде жұмыс істейтін самарқандтық дәрігерлерді жұмысқа шақыру үшін облыс әкімшілігінде арнайы қор ашып оларды баспанамен қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді.