Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Самарқанд халықаралық әуежайының құрылысымен танысты
13:28 / 2021-04-15

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 15 сәуірде Самарқандқа келді.

Мемлекет басшысының өзі 2019 жылы облысқа сапары кезінде осы «әуежайдың» құрылысын бастауды тапсырған болатын. Бүгінгі облысқа жасаған сарапдың басы да осы жерден басталды. Қазір атаулы жоба аясында мұнда ұзындығы 3105 метр және ені 60 метрлі ұшу-қону жолағының құрылысы аяқталып, жарық беру және сигнал беру шамдары мен аэронавигациялық жабдықтар орнатылуда.

Жаңа терминал заманауи дизайнға ие және сағатына 800 жолаушыны қабылдай алады. Бұрын бұл көрсеткіш 400 адамды құраған.

Халықаралық авиациялық стандарттарға сәйкес салынған ұшу-қону жолағын көзден кешірген Мемлекет басшысы: - Адамдарға ыңғайлылық жасау басты мақсат болуы керек. Ол үшін «ақылды технологияларды» қолдану, қызметі арзан, сапалы және жылдам ету қажет, - деді.

Жоспарға сай әуежайда карго қызметі де іске қосылады. Президент осы мәселеге баса назар аударып, жүк тасымалының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

1967 жылы салынған Самарқанд халықаралық әуежайының жаңа әуежайы осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Осыдан кейін ол «ашық аспан» режимінде толықтай жұмыс істей бастайды. 1000 адамды жұмыспен қамту көзделген.