Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Республикалық гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығына барды
18:19 / 2021-05-14

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 14 мамырда Республикадағы мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығында барды.

Орталық халыққа гематологиялық және трансфузиологиялық көмек көрсетуге, осы аурулардың алдын-алуға және емдеуге, гематология саласында зерттеулер жүргізуге мамандандырылған.

Қазіргі кезде орталықта жоғары дозалы және интенсивті полихимотерапия әдістері енгізілген болып, жедел лимфобластикалық лейкоздарды емдеудің жаңа әдісі нәтижесінде науқастардың ремиссиясы және толық қалпына келуі 70-85% жетуде.

Президенттің 2020 жыл 10 ақпандағы қаулысына сәйкес 2020-2024 жылдары гематологияны дамытуға 546 миллиардтан астам сома және шамамен 71 миллион доллар бөлінуі көзделген. Атап айтқанда, биыл 91 миллиард сумнан астам қаржы бөлінді.

Осы қаражат есебінен ауруханалар дәрі-дәрмек, медициналық құралдар, реактив және реагенттермен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, гематологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту, ауруларды ерте анықтау мен емдеуді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы орталықта жасалған қолайлықтармен танысты. Қазір мұнда 260 орындық 3 ғимарат бар. Онда 210 науқас емделіп жатыр, оның 42-сі балалар.

Орталықтың жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы ауруханаға жаңа ғимарат салуды айтып, онда Д.Рогачев атындағы Ресей медициналық ғылыми-зерттеу орталығының тәжірибесі негізінде балалар онкогематология орталығын ашуды тапсырды. Ол жерде дің жасушаларын донордан трансплантациялау - аллогенді трансплантациялау процесі жолға қойылады.

Шавкат Мирзияев осы ауруханада емделіп жатқан балалар және олардың аналарымен сқхбаттасып оларды Ораза айт мейрамымен құттықтады.

«Ешқашан мойымаңыз». Сіздер жалғыз емессіздер. Біз бәріміз біргеміз. Осы саладағы мүмкіндіктерді жақсарту үшін жаңа орталық саламыз. Ол жерде анаға да, баланың оқуына да жағдай жасалады, емдеу де өзгереді. Біздің ең үлкен мақсатымыз - тезірек сауығып, үйге отбасыға оралу », - деді Президент.

Мемлекет басшысы балалардың мейірімділігі мен олардың ақкөңілдігі үшін орталықтың дәрігерлеріне алғыс айтты.