1 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев жұмыс сапарымен Өзбекстанда болып тұрған Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковты қабылдады.
Кездесу басында Александр Бортников Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Тараптар Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Осы жылдың 19 қарашасында Мәскеуде өткен жоғары деңгейдегі екіжақты кездесудің жемісті нәтижелері жоғары бағаланды.
Сондай-ақ, қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлеріне, соның ішінде терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және басқа да қауіп-қатерлерге қарсы күресте екі елдің құзыретті органдары арасында тұрақты байланыстарды қолдауға және практикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып аймақтағы жағдай туралы пікір алмасылды.