Бүгін, 22 сәуірде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 2021 жылы өңірлерде қызмет көрсету саласын дамытудың басым бағыттары туралы видеоселекторлы жиын өтуде.
Мемлекет басшысы мына қауіпті кезеңде Өзбекстанның рөлі қандай болады деген мәселені әркім ойластыруы керек, ал экономиканы тұрақтандыру үшін үлкен қаражат жұмсалатын уақытта әкімдер дұрыс және бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану керек екенін айтты.
-Өкінішке орай, қанша талаптарға қарамастан, әкімдер ақшаны талан-таражға салуға жол беріп отыр. Кеше Самарқандқа барғанымызда тек облыста 174 мың адамның жұмыссыз екенін көрдік. Бұл нені білдіреді? Біз адамдарға мүмкіндіктер жасау, оларға жеңілдік беру үшін көп күш жұмсаудамыз. Бірақ кейбір әкімдер бөлінген ақшаны мақсатқа сай пайдалана алмай отыр. Халыққа пайдасы жоқ жерлерге мемлекеттік ақшаны шашу - қиянат, - деді Шавкат Мирзияев.
Президент әкімдерді жергілікті жерлерде жобаларды іске қосуға деген көзқарасының төмендігі және жұмыспен қамтамасыз етудегі нашар нәтижелері үшін сынға алды.