Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Қоқандағы ірі химия зауытының жұмысымен танысты
13:49 / 2024-07-11

Президент Шавкат Мирзиеев «Indorama Kokand Fertilizers and Chemicals» акционерлік қоғамының қызметімен танысты.

Өзбекстанда химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Соңғы бес жылда бұл ауданда өнім өндіру көлемі екі есеге жуық өсіп, 45 триллион сумға жетті. Атап айтқанда, жаңа қуаттардың есебінен минералды тыңайтқыштар өндіру көлемі 17 пайызға артып, жылына 1,4 миллион тоннадан асты. Бұл ретте тиімді инвестициялық жобалар үлкен рөл атқаруда.

Бұрынғы Қоқан суперфосфат зауыты қаржылық шоғырландыру және әртараптандыру үшін 2019 жылы Сингапурдың «Indorama Holdings BV» компаниясына инвестициялық міндеттемелермен сатылған еді. Оның негізінде «Indorama Kokand Fertilizers and Chemicals» кәсіпорны құрылды. 70 миллион доллар шетелдік инвестиция тартылып, өндіріс технологиялары жаңғыртылды. Испания, АҚШ, Қытай, Үндістан, Түркия, Испания және Ресейдің жетекші компанияларының заманауи қондырғылары орнатылды. Қосымша 150 жұмыс орны ашылды. 

2021 жылы жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аясында аммиакталған суперфосфат, суда тез еритін күрделі минералды тыңайтқыштар, азот-фосфор-калий (NPK) минералды тыңайтқыштар өндірісі іске қосылды. Зауыттың қуаттылығы жылына 75 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Шикізат жергілікті кәсіпорындардан әкелінеді. Мысалы, фосфорит ұны Қызылқұмнан, күкірт қышқылы Алмалықтан, аммоний сульфаты Шыршықтан, аммиак «Ферғаназот» пен «Науаизоттан» жеткізіледі. Бұл өнімнің бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік беруде.

Тағы бір маңызды жайт, жаңғыртудың нәтижесінде өндіріске пайдаланатын электр энергиясы мен табиғи газдың құны 35-40 пайызға қысқартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамау үшін негізгі өндірістік цехтарда төрт сатылы тазалау қондырғылары орнатылды. Бұрын ол тек екі кезеңді болатын. 

Кәсіпорынның жылына 30 миллион доллар өнім экспорттау мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштар ТМД, Еуропа, Африка және Азияның 16 еліне экспортталуда.

Мемлекет басшысы зауытты аралап, өндіріс барысымен танысты. Кәсіпорынның ірі химиялық кластерге айналып, тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік үлгіге айналуы тиіс екені айтылды. Зауыт жұмысшылары үшін заманауи тұрғын үйлер салу, алдағы уақытта мектеп, аурухана жобаларын да назардан шетте қалдырмау жөнінде пікір алмасылды.

Кәсіпорын қарқынды дамуда, келесі кезеңдер бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Екінші кезең аясында 50 миллион доллар инвестиция игерілді. Швейцария, Германия, Үндістан, Қытай және Италия елдерінің заманауи технологиялық жабдықтары әкеліп орнатылды. Бұл кезеңде жылына 24 миллион долларға калий сульфаты, сульфаты қышқылы және аммоний хлоридті тыңайтқыштар өндіріледі. 120 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Жобаның үшінші кезеңі 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Моно- және дикальций фосфат, калий-нитрат, азот-фосфор-калий кешенді минералды тыңайтқыш, кальций хлорид, моно-аммоний фосфат, моно калий фосфаты өндірісі қолға алынады. Жобаның құны 100 миллион долларды құрайды. Жаңадан 235 жұмыс орны ашылады.