Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент қаулысымен Ораза айт қарсаңында 541 тұтқынға рақымшылық жасалды
09:11 / 2023-04-21

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қасиетті Рамазан айын атап өту қарсаңында халқымыздың ізгілік, адамгершілік, мейірімділік пен кешірімділік сынды асыл қасиеттерінің жарқын көрінісі ретінде ««Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шын өкінген және түзелу жолына қадам басқан бір топ адамдарға рақымшылық жасау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93-бабының 23-тармағына сәйкес жазасын өтеп жатқан және жасаған әрекетіне шын өкініп, түзелу жолына батыл қадам басқан 541 адамға рақымшылық жасалды.

Рақымшылық жасалғандардың 374-і негізгі жазадан толық босатылды, 110-ы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, 18-і жазасы жеңілірек жазамен ауыстырылды. Сондай-ақ, 39 адамға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі қысқартылды.

Кешірім жасалғандардың 36-сы шетел азаматтары, 136-сы әйелдер, 75-і 60 жастан асқан ер адамдар, 6-ы тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан адамдар.

Қаулыға сәйкес, рақымшылық жасалған азаматтарды отбасы мен туған-туыстарының қасына оралуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, пайдалы еңбекпен айналысуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамда лайықты орнын табуға көмектесу бойынша жауапты министрліктер мен ведомстволарға тиісті тапсырмалар берілді.