Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Қашқадария облысында құрылатын массивтер жобасымен танысты
23:48 / 2022-04-21

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы жарлығына сәйкес халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында әр облыста «Жаңа Өзбекстан» массивтері салынуда.

Президент Қашқадария облысына жасаған сапары барысында «Дустлик» махалласы аумағында салынып жатқан үйлерді аралады.

Мұнда 2022-2026 жылдар аралығында 120 көпқабатты үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім мекемелері, мектептер, ауылдық кеңсе, сауда және қызмет көрсету орындары, спорт кешені сияқты түрлі әлеуметтік нысандар салынады. Бұл аумақта саябақ пен стадионның болуы тұрғындарға қолайлылық туғызады.

Биыл 616 пәтерлік 30 үйдің құрылысы басталды.

Мемлекет басшысы сапалы үйлер салып, халыққа қолжетімді етудің маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ облысты ауыз су және кәріз  желісімен қамтамасыз етуді жақсарту жоспарлары туралы да баяндамалар тыңдалды.