Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Қаршы ауданындағы мектепке барды
18:41 / 2023-10-24

Президент Шавкат Мирзиёев Қашқадария облысына жасаған сапары барысында, жоспарда жоқ жерлерді аралауды жалғастыруда. Қаршы ауданының орталығы «Бешкент» қаласындағы 12-мектепке бару да жоспардан тыс орындалды.

Мұнда қазір 1400-ге жуық ұл-қыз білім алуда. Оларға жүзден астам білікті педагог дәріс береді. Мектеп өткен жылы күрделі жөндеуден өткен. Оқушыларға бір мамандық, екі шет тілі оқытылады. Компьютерлік сауаттылық, тігін, ағаш ұстасы сияқты үйірмелер бар.

Мемлекет басшысы оқу кабинеттерін аралап, ұстаздар және оқушылармен әңгімелесті. Мектеп жағдайы мен оқулықтардың сапасына назар аударды.

Қазіргі күндері республикада күзгі-қысқы маусымға дайындық, көшет егу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Президент бұл бағыттағы жұмыстарды мектеп мысалында қарастырды. Шенеуніктерге әлеуметтік мекемелерді жылумен қамтамасыз ету және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану бойынша тапсырмалар берілді. Екінші жағынан, мектептердің құрылыс стандарттарын, соның ішінде инфрақұрылымды қамтамасыз етуге, функционалдылыққа және энергия тиімділігіне қатысты барлық критерийлерді жаңғырту қажет екендігі баса айтылды.

«Жасыл кеңістік» жобасы аясында мектептердің айналасына көшет отырғызуға да назар аударылды.

– Мектеп бар жерде мәдениет те болады. Ұстаздар басқа жандарға үлгі. Мектептің айналасы көркейіп, мезгілдік гүлдер жайнап тұрса, бұл жастарға тәрбие әрі үндеу де болмақ, – деді Мемлекет басшысы.