Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Президент Қарақалпақстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар таныстырылымына қатысты
00:07 / 2021-03-10

9 наурызда Президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың таныстырылымына қатысты.

Биыл Қарақалпақстанда құны 887 млн доллардан асатын 711 жобаны іске қосу жоспарланған болып, олардың 201-і өнеркәсіп, 280-і қызмет көрсету және 230-ы ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Барлық жобалардың нәтижесінде шамамен 222 млн АҚШ долларын құрайтын өндірістік қуаттылықты пен 100 млн долларлық импорт орнын алмастыруға және 41 миллион долларды экспортқа шығарумен қатар 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 

Тоқыма саласында 40, фармацевтика саласында 16 кәсіпорын құру көзделген. Бұл кәсіпорындарда 5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болады. Қызылмия тамырын өңдеу бойынша тағы 13 жоба қарастырылған. Нәтижесінде олар қызылмия өнімдерінің экспортын қазіргі 29 млн доллардан 62 млн долларға дейін арттыруды көздейді.

Презентацияда Мемлекет басшысы шетелдік тәжірибені қолдана отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту қажеттігін айтып, ресурстарды толығымен пайдалану, өңдеуді тереңдету және халықтың тұрақты табыс көзін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.