Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысына жасаған сапары барысында «Ширин» махалласының тұрғыны Данияр Юлдашевтің шаңырағында болып, отбасының жағдайымен танысты.
Бұл үй - елдің қарапайым гүлденген аулаларының бірі. Жері 10 сотық. Онда жеміс және сәндік ағаштар мен көкөністер егілген болып, отбасы 30 бас тұқымды күркетауық өсіріп, жылына 25 миллион сумға дейін қосымша кіріс алуда.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында осындай гүлденген үйлерді көбейуі керектігін айтып: - Менің аймақтарға шығып аралаудан мақсат - халықтың көңілінен шығу, жан басына шаққандағы табысты арттыру. Біз бұрын шикізатты шетке сататынбыз. Қазір біз бәрін өз елімізде өңдеп, дайын өнім шығарамыз. Кәсіпорындар ашылуда, жастар мен әйелдер жұмысқа орналасуда. Осындай өсу қарқыны махаллада болуы керек. Егер ауылды-аймақ жақсы болса, мемлекет мықты болады. Жастарды білімді және саналы етіп тәрбиелесек, олар өз жолын тауып жұмыс істейді, - деді Шавкат Мирзияев.
